2021 жылдың 23 маусымында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Қарағанды машина жасау колледжі» ҚММ Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу–әдістемелік орталығымен бірлесіп облыстық «Жан экологиясы» бейне-ролик байқауының өткізді.
Байқаудың нәтижелері ZOOM платформасында онлайн режиміндде өтті.
Байқауға 25 студеттердің өтінімі қабылданды.
Ұсынылған бейне-роликтер қаралып, критериалды бағаланып, келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
«Планета ресурстары» номинациясы бойынша:
1 орын - Балқаш қаласы «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ студенті Естай Еркеназ, тақырыбы «Балқаш қаласының экологиялық жағдайы»;
2 орын - «Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі» ЖММ студенттері Тайбек Асылзат, Утеубек Ақбот, тақырыбы «Тұрмыстық қалдықтар экологиялық проблема ретінде»;
3 орын - «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ студенті Шайхенова Айжан Ержановна, тақырыбы «Тамшылатып суару технологиясының тиімділігі».
«Жан экологиясы»:
1 орын - «Жезқазған жоғары политехниклық колледжі» КМҚК студенттері Мұқанбедияр Инабат, Мейрамбай Еламан, Сейткенов Алдияр тақырыбы «Жан экологиясы»;
2 орын – «Балқаш қаласының Медицина колледжі» КМҚК студенті Манарбеккызы Нурай, тақырыбы «Жан экологиясы»;
3 орын - Экономика, бизнес және құқық колледжінің студенті Исимбеков Ақыл, тақырыбы «Люминесценттік лампаны қауіпсіз жою».
«Адам және жануар»:
1 орын - «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК студенттері Шәкен Гүлназ, Аманкешова Диана, тақырыбы «Адам және жануарлар».
«Экологиялық патриотизм»:
1 орын - «Қарағанды индустриалды - технологиялық колледжі» КММ студенттері Азнабеков Мирас, Нұрланқызы Мээрим, Нұрланқызы Жасмин, Аққұлов Нұрсұлтан, Тулебеков Нурбол, Саябеков Алибек, тақырыбы «Табиғат- адамзатқа аманат!»;
2 орын - «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК ТВПК командасы, тақырыбы «ЭКО-ТРАК»;
3 орын - «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ студенті Оспанов Абдумалик, тақырыбы «Экологиялық патриотизм»;
Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, студенттердің жұмыстарының жетекшілері - алғыс хаттарымен марапатталды. Байқауға қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды.