2015 жылдың 9 қарашасында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың тілдік және коммуникативтік (қатысымдық)құзырлықтарын қалыптастыру» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті. Семинар аясында мұғалімдероқушылардың коммуникативтік құзыреттілігі мен ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін дамыту мәселелері бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті, сонымен қатар «ОҚУ ШАТТЫҒЫ» әлеуметтік-педагогикалық жобасын жалпы білім беретін мектептердің орта буынында жүзеге асыру жолдарын да талқылады. Жоба мақсаты: оқушылардың кітап оқу қызығушылығын дамытуға, орта буын оқушыларының оқу сауаттылығын, мәдени оқу дәрежесін көтеруге бағытталған бағдарламаны әзірлеу, іске асыру.
2015 жылдың 9 қарашасында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың тілдік және коммуникативтік (қатысымдық) құзырлықтарын қалыптастыру» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті мұғал