Размер шрифта:
Қарағанды облысының педагог қызметкерлері Тамыз кеңесінің секциялық алаңдары
02-08-2021 10:42

  2021 жылдың 13-19 тамызы аралығында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Білім сапасы: қолайлы жағдайдан – тиімді нәтижеге»тақырыбында Қарағанды облысы педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесі секциялық алаңдарының отырысын өткізеді.

Мақсаты:облыстың білім беру жүйесінің 2021-2022 оқу жылына арналған негізгі басымдықтарын талқылау.

Міндеттері:

мемлекеттік білім беру саясаты форматында жаңа оқу жылына арналған облыстың білім беру жүйесінің инновациялық даму бағыттары мен векторларын анықтау;

облыс педагогтерінің үздік жұмыс тәжірибесін тарату үшін қашықтан практикалық-бағдарланған пікірталас алаңын ұйымдастыру;

оқушылардың білім сапасын арттыру және толықтыру үшін инновациялық технологиялар мен оқыту әдістерін тиімді, нәтижелі пайдалануға Конференция қатысушыларын ынталандыру үшін жағдай жасау.

Қатысушылар:әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, білім бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, әдістемелік бірлестіктердің басшылары, директорлардың орынбасарлары, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері, тәрбиешілері, арнайы мектеп-интернаттардың педагогтері, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері, ата-аналар қоғамдастығы.

Секциялық алаңдарда педагогтер білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін, білім сапасын арттыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселелерін талқылайды.

Жұмыс барысында қатысушылар оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды толықтыру, функционалдық сауаттылықты дамыту және жобалау-зерттеу қызметі бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлейді.