Размер шрифта:
10 тамыз – Абай күні
10-08-2021 14:32
10 тамыз – Абай күні

10 тамыз – Абай күні

2020 жылы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша 10 тамыз – Абай күні деп белгіленгенін білеміз.

Абай шығармашылығы әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Жас толқын үшін Абайдың өсиеттері мен өнері баға жетпес асыл қазына екені даусыз.Осы орайда, Қарағанды қаласының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен облыстың барлық білім беру ұйымдарында түрлі шаралар жоспарланып өткізілуде. Атап айтқанда, облыстық «Өнегелі өмір» жобасы аясында Қарағанды қаласының білім беру ұйымдарында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» тақырыбында танымал ғалымдар, журналист, блогерлермен кездесулер; Балхаш қаласының білім беру ұйымдарында «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» тақырыбында бастауыш сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы, «Абай мұрасы - халық ұлағаты» атты лэпбук және кітаптар көрмесі; Қаражал қаласы  білім беру  ұйымдарында  дана Абайдың  өлеңдері  мен шығармашылық жолы  бойынша блиц-турнир, кітапханада  кітап оқу  марафоны, бастауыш сынып мұғалімдерінің  челленджі, Абай өлеңдерін  мәнерлеп оқу байқауы; Жаңарқа ауданының білім беру ұйымдарында «Абай еліне саяхат» тақырыбында вертуалды саяхаттар; Шет ауданының білім беру ұйымдарында «Абай дана – Абай дара қазақта»тақырыбында, Осакаров ауданының білім беру ұйымдарында «10 тамыз – Абай күні» тақырыбында іс-шаралар циклі, Саран қаласының білім бөлімі және Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің педагогтері арасында шағын ғылыми-практикалық конференция, «Абай дана – Абай дара қазақта»тақырыбында онлайн концерт ұйымдастыруда және Абай қаласының білім бөлімі «Абай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мекемесімен бірлесе отырып, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту мақсатында «Абай оқулары» атты онлайн байқауын өткізіп, бүгінгі күні жеңімпаздарды марапаттау рәсімін өткізді.

Сонымен қатар, «Тұлғатану» ғылыми зерттеу орталығының директоры, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрметті азаматы», тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Бейсенбекова Нұрсахан Ахметқызы бастаған бір топ Тіл жанашырлары, қоғам қайраткерлері,  ұстаздар және республикалық, облыстық «Абай оқулары» байқауының жеңімпаздары Абай ескерткіші жанында өлеңдерін, қарасөздерін оқып, гүл шоқтарын қойып, Абай рухына тағзым етті.

https://www.instagram.com/p/CSYNtdHCyv6/?utm_medium=share_sheet
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=208096651277003&id=100062300072610
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=837292757226368&id=100028369544204&sfnsn=mo
https://www.facebook.com/100021784950935/posts/1011587859577370/?d=n
https://www.facebook.com/100029162104434/posts/627377388244326/?sfnsn=mo
https://www.facebook.com/100015584824996/posts/1138877273308423/?sfnsn=mo
https://www.facebook.com/100026248241799/posts/830913907793543/?d=n
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=351230626693851&id=100054207482556
https://www.instagram.com/p/CSYNtdHCyv6/?utm_medium=share_sheet
https://www.facebook.com/109896137864292/posts/193104579543447/
https://www.facebook.com/109896137864292/posts/193097349544170/
https://www.instagram.com/p/CSYgfT6jw5Q/?utm_medium=copy_link
https://www.instagram.com/tv/CSYX_KCqiMo/?utm_medium=copy_link
 
Әдіскер Г.Жаркеева