«Мектепке дейінгі ұймдарда тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру»
16-08-2021 16:48
«Мектепке дейінгі ұймдарда тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру»

2021 жылғы 16 тамызда Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Мектепке дейінгі ұймдарда тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарына арналған он-лайн режимінде облыстық тамыз секциясын өткізді.

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының директоры Адамова Манара Елекенқызының     «2021-2022 оқу жылында мектепке дейінгі жастағы балалармен білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбындағы секциядағы негізгі баяндама болды. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі білім беру бойынша оқу - әдістемелік кешендерді»Алматы қаласы«Алматыкітап баспасы»баспасының мектепке дейінгі білім беру бойынша әдіскері Тажина Бахыт Социалқызы таныстырды

Секцияларда Қарағанды, Балқаш, Шахтинск қалаларының, Шет және Ұлытау аудандарының педагогтері: «Социумның қазіргі заманғы сұраныстарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық корпусын қалыптастыру», Ихсанова Виктория Русаевна, Шахтинск қаласының «Березка»б/б КМҚК директоры, «Баланың мектепке сәтті бейімделуінің психологиялық-педагогикалық шарттары», Узакбаева Рыскуль Узакбайкызы, қалалық білім бөлімінің әдіскері өз тәжірибелерімен бөлісті. Қарағанды, «Қашықтан оқуда ата-аналармен ынтымақтастық аясында мектеп жасына дейінгі баланың жеке тұлғасының зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту», Шагирова Сандугаш Нурсагиевна, Ұлытау ауданы «Өркен»б/б КМҚК тәрбиешісі, «Мектепке дейінгі ұйымның әлеуметтік желілері тәрбиеленушілердің ата-аналарымен қашықтықтан өзара әрекеттесу құралы ретінде», Аширбекова Рымбала Сапарғалиқызы, «Балақай»б/б КМҚК тәрбиешісі Балқаш қ., «Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына STEAM білім беру бағдарламаларының элементтерін енгізу», Ибраева Алтынай Харизовна, Шет ауданы «Нұршуақ» б/б КМҚК тәрбиешісі, «Жобалау-зерттеу қызметі негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу» Чжао Светлана Бекетовна, Қарағанды қаласы «Балақай» б/б КМҚК директоры.

Қарағанды облысы мектепке дейінгі білім берудің ОӘО әдіскері Бугубаева Алмагуль Даниярқызы "2021-2022 оқу жылына жұмысты жоспарлау, РО ОӘО жұмысының нәтижелері бойынша есеп, сондай-ақ «Білім беру кеңістігін кеңейту: жаңа форматтар, трендтер және әлеуметтік сұраныстар» баяндамасын ұсынды.

Секция жоғары-кәсіби деңгейде өтті. Іс-шара соңында ұсыныстар жобасы оқылды. ZOOM конференциясына 100 адам, ОӘО РО YouTube – арнасында 305 адам қатысты.