2021 жылғы 16 тамызда онлайн режимде ZOOM платформасында «Білім сапасы: жағдайдан тиімді нәтижеге дейін»БӘДжТ мұғалімдерінің тамыз конференциясының секциялық отырысы өтті.
Іс -шараның мақсаты: Бірыңғай кеңістік құру арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру: білім алушылардың білімін толықтыру, функционалдық сауаттылықты және азаматтық-патриоттық тәрбиені дамыту.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша өзекті мәселелерді талқылау барысында келесі ұсынымдар әзірленді:
1. Акция, пәндік апталықтар өткізу арқылы патриоттық тәрбиені дамыту жұмыстарын жандандыру.
2. Білім сапасын арттырудың формалары мен әдістерін белсенді енгізу.
3. Күрделі тақырыптар бойынша бейне сабақтар.деректер базасын құру.
4. Ғылыми-практикалық конференциялар, конкурстар, олимпиадалар ұйымдастыру, жобаларды іске асыру арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жүйелі түрде арттыру.
5. Облыс, республика деңгейінде педагогтардың жұмыс тәжірибесін жинақтау
Барлығы 100 адам қамтылды.