Размер шрифта:
МАТЕМАТИКА, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ БИЗНЕС НЕГІЗДЕРІ пәндері мұғалімдерінің секциялық алаңы «Педагогикалық дәстүрлер және инновациялық білім беру ортасы - білім беру жүйесін жетілдірудің кепілі».
16-08-2021 20:11
МАТЕМАТИКА, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ БИЗНЕС НЕГІЗДЕРІ  пәндері мұғалімдерінің секциялық алаңы «Педагогикалық дәстүрлер және инновациялық білім беру ортасы - білім беру жүйесін жетілдірудің кепілі».

Қарағанды облысының білім басқармасымен, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2021 жылдың 16 тамызында онлайн режимде «Білім сапасы: қолайлы жағдайдан тиімді нәтижеге дейін» атты Қарағанды облысы педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесінің математика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәндері мұғалімдерінің секциялық алаңы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты:

Оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін игеру және оларды оқу үдерісінде жүзеге асыру арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Математика және кәсіпкерлік пен бизнес негіздері пәндері мұғалімдерінің секциялық алаңы аясында 2021-2022 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы оқу үдерісінің ерекшеліктері баяндалды және келесі мәселелер қарастырылды:

білім алушылардың білімін толықтыру нысандары мен әдістерін енгізу;

- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;

- математика сабақтарында сандық инфрақұрылым мен электрондық платформаларды қолдану.

- Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәні бойынша жаһандық құзыреттілікті арттыру

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясынан, Қарағанды облысы білім басқармасының "Сарыарқа дарыны" аймақтық ғылыми-практикалық орталығынан шақырылған қонақтар және облыстың жетекші мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті:

Жумагулова Зауре Абдыкеновна,Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының жаратылыстану-математикалық ғылымдар бағытындағы пәндер және Stem технологиясы зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымының кандидаты, философия докторы

Куанышбаев Айдос Каргулович,Қарағанды облысы білім басқармасының "Сарыарқа дарыны" аймақтық ғылыми-практикалық орталығының басшысы

Пинчук Лариса Григорьевна,Қарағанды қ. «Академик Е.А. Бөкетов атындағы ЖББМ" КММ математика пәнінің мұғалімі

Мейрамова Лиза Мейрамовна,Теміртау қ. «№8 ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі

Манагарова Ирина Васильевна,  Қарағанды қ., «Н.Әбдіров атындағы ЖББМ» КММ математика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнінің мұғалімі

Шахметова Алмагуль Сагиевна,Қарағанды қ., «№45 гимназия» КММ математика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнінің мұғалімі

Малгаждарова Асел Имантаевна,Балқаш қ. «№15 МЛ» КММ математика пәнінің мұғалімі

Воронцова Елена Александровна,Теміртау қ. «№ 14 МЛ» КММ математика пәнінің мұғалімі