Қарағанды облысының білім басқармасымен, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2021 жылдың 16 тамызында онлайн режимде «Физиканы оқытудың ерекшеліктері және оқытудың инновациялық технологиялары білім беру сапасын арттыру құралы ретінде» тақырыбында Қарағанды облысы физика пәні мұғалімдерінің тамыз педагогикалық кеңесінің секциялық отырысы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
Бірыңғай кеңістік құру арқылы физика мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі мен әдістемелік қызметін арттыру: инновациялық технологиялар мен оқытудың тиімді әдістерін қолдану.
Физика пәні мұғалімдерінің секциялық алаңы аясында 2021-2022 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы оқу үдерісінің ерекшеліктері баяндалды және келесі мәселелер қарастырылды:
білім алушылардың білімін толықтыру нысандары мен әдістерін енгізу;
- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
- физика сабақтарында сандық инфрақұрылым мен электрондық платформаларды қолдану.
Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ физика-техникалық факультетінен, Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы НЗМшақырылған қонақтар және облыстың жетекші мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті:
Кудусов Арыстан Сатыбалдинович,ф-м.ғ. к., Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ физика-техникалық факультетінің физика және нанотехнология кафедрасының меңгерушісі.
Шоменова Жанар Сундетбаевна,Шахтинск қ. «Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ физика пәнінің мұғалімі.
Махмет Кенже Саятұлы,Балқаш қ. «№16 ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі.
Бодыкова Алия Елубаевна,«№81 ЖББМ» КММ физика пәнінің мұғалімі.
Нуржигитова Саягуль Мухсиновна,Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы НЗМ физика пәнінің мұғалімі.
Онгаров Зейін,«Мұрагер» ММИ физика пәнінің мұғалімі.