2015 жылдың 3-9 қарашасы аралығында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында дуалды оқыту жүйесін енгізу негізінде эксперименттік бағдарламаларды жүзеге асыру қорытындысы бойынша рефлексивтік есептерді алдын ала қорғау жұмыстары жүргізілді.
Қарағанды облысының 19 колледжі кестеге сәйкес, алдын ала қорғауды төмендегі мамандықтар бойынша өтті:
· Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
· Дәнекерлеу ісі
· Құю өндірісі
· Токарлық іс және металл өңдеу
· Өндірістегі электрлік – механикалық жабдықтар
· Жылу - техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелері
· Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу
· Электр станциялары мен желілерінің жабдықтары
· Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу
· Ауылшаруашылығын механикаландыру
· Электр және электр механикалық жабдықтар
· Полимерлік өндіріс технологиясы және т.б.
Қаралған жұмыстардың қорытындысы бойынша сарапшылар зерттеу жұмысын жүйеге келтіру жөнінде ұсыныстар жасады. Сонымен қатар зерттеу үдерісінің әдіс-тәсілдері мен формалары талданды.