Размер шрифта:
Тамыз кенең «Колледждегі бірінші курс студенттерінің әлеуметтік-психологиялық бейімделуі» тақырыбындағы секциялық отырысы
17-08-2021 21:37
 Тамыз кенең  «Колледждегі бірінші курс студенттерінің әлеуметтік-психологиялық бейімделуі» тақырыбындағы секциялық отырысы

2021 жылдың 17 тамызында тамыз конференциясының  «Колледждегі бірінші курс студенттерінің әлеуметтік-психологиялық бейімделуі» тақырыбындағы секциялық отырысы өтті.

Шараның құрметті қонағы Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту» орталығы директорының орынбасары Нұрлан Менешұлы Сабиров болды.

Қарағанды ​​облысы білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» АҒПО зертханаларының меңгерушісі Татьяна Витальевна Любчанская отырыстыңқатысушыларынбілім беру ұйымдарындағы студенттердің әлеуметтенуін әлеуметтік-психологиялық қолдау зертханаларының қызметімен таныстырды.

Сонымен қатар, «Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК педагог-психологы  Е.О.Козлова, «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК педагог-психологы Т.Т.Калманова бірінші курс студенттерінің бейімделу тәжірибесімен бөлісті.

Шараға облыс колледждерінен 80 педагог-психологпен өзін-өзі тану  оқытушылары қатысты.