«Білім сапасы: қолайлы жағдайдан тиімді нәтижеге дейін» атты Қарағанды облысы педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесінің БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЕКЦИЯЛЫҚ АЛАҢЫ
17-08-2021 21:48
«Білім сапасы: қолайлы жағдайдан тиімді нәтижеге дейін» атты Қарағанды облысы педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесінің  БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЕКЦИЯЛЫҚ АЛАҢЫ

Қарағанды облысының білім басқармасымен, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2021 жылдың 16 тамызында «Қазіргі білім беру қызметі: сапа мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында Қарағанды облысы биология және химия пәндері мұғалімдерінің тамыз педагогикалық кеңесінің секциялық алаңы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты:

Бірыңғай кеңістік құру арқылы химия және биология мұғалімдерінің пәндік-әдістемелік құзыреттілігін жетілдіру: инновациялық технологиялар мен оқытудың тиімді әдістерін қолдану, жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту.

Биология және химия пәндері мұғалімдерінің секциялық алаңы аясында 2021-2022 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы оқу үдерісінің ерекшеліктері баяндалды және келесі сұрақтар қарастырылды:

- білім алушылардың білімін толықтыру нысандары мен әдістерін енгізу;

- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;

- биология және химия сабақтарында сандық инфрақұрылым мен электрондық платформаларды қолдану.

 

Шақырылған қонақтар және облыстың жетекші мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті:

Әбеу Нұргелді, Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия пәнінің мұғалімі.

Каирбаева Жанна Хапасовна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша БА институтының аға оқытушысы, тренері.

Саматов Абылай Маранұлы, «№1 БИЛ» КММ химия пәнінің мұғалімі.

Кулик Ирина Юрьевна, Теміртау қ. «№1 гимназия» КММ химия пәнінің мұғалімі.

Касымканова Салтанат Есенгалиевна, Жасымбекова Айгерим Рысбековна., Қарағанды қ. « №27 ЖББМ» КММ химия пәнін мұғалімдері.

Балапанова Кундыз Сериковна, «Қарағанды қаласы С. Сейфуллин атындағы гимназия» КММ биология пәнінің мұғалімі.