Қарағанды облысының білім басқармасымен, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2021 жылдың 16 тамызында «Қазіргі білім беру қызметі: сапа мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында Қарағанды облысы биология және химия пәндері мұғалімдерінің тамыз педагогикалық кеңесінің секциялық алаңы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
Бірыңғай кеңістік құру арқылы химия және биология мұғалімдерінің пәндік-әдістемелік құзыреттілігін жетілдіру: инновациялық технологиялар мен оқытудың тиімді әдістерін қолдану, жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту.
Биология және химия пәндері мұғалімдерінің секциялық алаңы аясында 2021-2022 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы оқу үдерісінің ерекшеліктері баяндалды және келесі сұрақтар қарастырылды:
- білім алушылардың білімін толықтыру нысандары мен әдістерін енгізу;
- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
- биология және химия сабақтарында сандық инфрақұрылым мен электрондық платформаларды қолдану.
Шақырылған қонақтар және облыстың жетекші мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті:
Әбеу Нұргелді, Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия пәнінің мұғалімі.
Каирбаева Жанна Хапасовна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша БА институтының аға оқытушысы, тренері.
Саматов Абылай Маранұлы, «№1 БИЛ» КММ химия пәнінің мұғалімі.
Кулик Ирина Юрьевна, Теміртау қ. «№1 гимназия» КММ химия пәнінің мұғалімі.
Касымканова Салтанат Есенгалиевна, Жасымбекова Айгерим Рысбековна., Қарағанды қ. « №27 ЖББМ» КММ химия пәнін мұғалімдері.
Балапанова Кундыз Сериковна, «Қарағанды қаласы С. Сейфуллин атындағы гимназия» КММ биология пәнінің мұғалімі.