Қарағанды облысының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің Тамыз кеңесі аясындағы секциялық алаңы
17-08-2021 21:00
Қарағанды облысының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің  Тамыз кеңесі аясындағы секциялық алаңы

2021 жылдың  17 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің«Педагогтердің кәсіби құзіреттілігі мен біліктілігін жетілдіру – білім сапасын арттырудың басты негізі»  тақырыбындағы секциялық отырысын өткізді.

Оқыту қазақ тіліндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері үшін сағат 10.00-12.00.Оқыту орыс тіліндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері үшін сағат 14.00-16.00

Мақсаты:оқушылардың білім сапасын арттыруда мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігі мен біліктіліктерінің дамуына қолдау көрсету.

Секциялық алаңдарда қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндерін оқытуда оқу мақсаттары арқылы дағдыны қалыптастыру жолдары, оқыту орыс тіліндегі (Т2) сыныптарда көркем шығармаларды оқытудағы мәселелер, қалыптастырушы бағалауды  жүйелі қолдану, грамматиканы коммуникативті дағдылар негізінде меңгерту және оқу сауаттылығына арналған тапсырмаларды әзірлеу, білім сапасын арттырудың басты негіздері туралы  мәселелерталқыланды. Сонымен қатар, «Алматы кітап» баспасының авторлары «TopIQ цифрлық оқулықтар платформасының білім беру әлеуеті мен артықшылықтары», «Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 1-сыныбына арналған «Қазақ тілі» оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы мен мазмұны» жайында баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті.

          Секциялық отырыста өткен оқу жылының қорытындысы бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелері сараланып, туындаған мәселелер талқыланды, даму перспективалары нақтыланды.

 

Әдіскер Г.Жаркеева