«2021-2022 оқу жылындағы «Информатика» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері»
2021 жылдың 17 тамызында онлайн режимде ZOOM платформасында білім беру үдерісін жетілдіру және «Информатика» пәні бойынша білім сапасын арттыру мақсатында әдістемелік кабинеттердің басшылары мен «Информатика» пәні бойынша жауапты әдіскерлер, сонымен қатар директорлардың ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасарлары үшін, мамандандырылған мектеп–интернаттарының информатика мұғалімдеріне тамыз конференциясының секциялық отырысы өтті.
Секциялық отырыс келесі тақырыптар бойынша өтті:
- «2021-2022 оқу жылындағы «Информатика» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері»;
- «Ақпараттық компьютерлік сауаттылықты дамыту. «Цифрлық әлемге қадамдар» облыстық жобасы»;
- «Информатика сабақтарында оқытудағы жаңа тәсілдерін қолдану арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту»;
- «Білім сапасын арттыру барысындағы оқушылардың білім мотивациясын дамыту»;
- «Мектеп оқушыларының білімін толықтыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру».