Аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары, мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасарларының секциялық алаңы
18-08-2021 22:27
Аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары, мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының ақпараттандыру ісі жөніндегі  орынбасарларының секциялық алаңы

2021 жылдың 18 тамызында Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Білім сапасы: қолайлы жағдайдан – тиімді нәтижеге» Қарағанды облысы педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесі секциялық алаңдарының бағдарламасына сәйкес онлайн режимде ZOOM платформасында білім бөлімдерінің әдіскерлері және мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасарларына арналған секциялық отырысын өткізді.

Секциялық отырыс келесі тақырыптар бойынша өтті:

  • OKOO– информатика бойынша білім беру платформасы;
  • Top.IQ  цифрлық  оқулықтар платформасының білім беру әлеуеті мен артықшылықтары;
  • «Білімал» АБЖ. Өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары. «Білімал. Электронды мектеп» АБЖ жаңа оқу жылына дайындық және «E-Bilimal»-дан деректерді импорттау;
  • 2021-2022 оқу жылында облыстық «Web-мастер» жобасының жұмысын ұйымдастыру. «DIGITAL TEACHER-2022» білім беру Хакатонын өткізу;
  • 2021-2022 оқу жылында «Қашықтықтан BOOM», «Болашақ инженерлері», «Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат» облыстық жобалары туралы;
  • UMC_OK мобильді қосымшасы. 2021-2022 оқу жылында облыстық IT-сарапшы жобасының жұмысын ұйымдастыру;
  • АКТ саласында мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру мақсатында облыстың бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігін қалыптастыруға жағдай жасау.