Аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары, мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасарларының секциялық алаңы
2021 жылдың 18 тамызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Білім сапасы: қолайлы жағдайдан – тиімді нәтижеге» Қарағанды облысы педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесі секциялық алаңдарының бағдарламасына сәйкес онлайн режимде ZOOM платформасында білім бөлімдерінің әдіскерлері және мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасарларына арналған секциялық отырысын өткізді.
Секциялық отырыс келесі тақырыптар бойынша өтті:
- OKOO– информатика бойынша білім беру платформасы;
- Top.IQ цифрлық оқулықтар платформасының білім беру әлеуеті мен артықшылықтары;
- «Білімал» АБЖ. Өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары. «Білімал. Электронды мектеп» АБЖ жаңа оқу жылына дайындық және «E-Bilimal»-дан деректерді импорттау;
- 2021-2022 оқу жылында облыстық «Web-мастер» жобасының жұмысын ұйымдастыру. «DIGITAL TEACHER-2022» білім беру Хакатонын өткізу;
- 2021-2022 оқу жылында «Қашықтықтан BOOM», «Болашақ инженерлері», «Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат» облыстық жобалары туралы;
- UMC_OK мобильді қосымшасы. 2021-2022 оқу жылында облыстық IT-сарапшы жобасының жұмысын ұйымдастыру;
- АКТ саласында мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру мақсатында облыстың бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігін қалыптастыруға жағдай жасау.