2021 жылдың 17 тамызында Қарағанды облысының білім басқармасы, білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығының және білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен «Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру: қолайлы жағдайдан - тиімді нәтижеге» тақырыбында тамыз кеңесінің секциялық алаңы өткізілді.
Отырыста алдағы оқу жылында атқарылатын іс-шаралар туралы ой-пікірлер талқыланды. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының мектепалды даярлық және бастауыш білім беру зертханасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Игенбаева Бижан Курмангалиевна «2021-2022 оқу жылында бастауыш білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері» туралы толық түсініктеме берді. Облыстың жетекші мұғалімдері өзекті мәселелер бойынша өздерінің іс - тәжірибелерін ортаға салды. Бижан Құрманғалиевна отырыстың жоғары дәрежеде өткендігі туралы оң бағасын берді.