Размер шрифта:
«Білім сапасы: қолайлы жағдайдан тиімді нәтижеге дейін» атты Қарағанды облысы педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесінің ШЕТ ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЕКЦИЯЛЫҚ АЛАҢЫ
18-08-2021 22:48
«Білім сапасы: қолайлы жағдайдан тиімді нәтижеге дейін» атты Қарағанды облысы педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесінің  ШЕТ ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЕКЦИЯЛЫҚ АЛАҢЫ

Қарағанды облысының білім басқармасымен, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2021 жылдың 18 тамызында «Қазіргі білім беру қызметі: сапа мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында Қарағанды облысы шет тілі пәндері мұғалімдерінің тамыз педагогикалық кеңесінің секциялық алаңы өткізілді.

Шет тілі пәндері мұғалімдерінің секциялық алаңы аясында 2021-2022 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы оқу үдерісінің ерекшеліктері баяндалды және келесі сұрақтар қарастырылды:

- білім алушылардың білімін толықтыру нысандары мен әдістерін енгізу;

- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;

- шет тілі сабақтарында сандық инфрақұрылым мен электрондық платформаларды қолдану.

Шақырылған облыстың жетекші мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті:

Чижевская Юлия Тимуровна,«№62 орта мектеп» КММ, ағылшын тілі мұғалімі, Қарағанды қ.;

Кон Татьяна Владимировна, Қарағанды облысының шет тілі мұғалімдері қауымдастығының төрағасы;

Абеуова Салтанат Конратбековна,Қарағанды білім бөлімінің әдіскері.