Қарағанды облысының білім басқармасымен, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2021 жылдың 18 тамызында «Қазіргі білім беру қызметі: сапа мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында Қарағанды облысы шет тілі пәндері мұғалімдерінің тамыз педагогикалық кеңесінің секциялық алаңы өткізілді.
Шет тілі пәндері мұғалімдерінің секциялық алаңы аясында 2021-2022 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы оқу үдерісінің ерекшеліктері баяндалды және келесі сұрақтар қарастырылды:
- білім алушылардың білімін толықтыру нысандары мен әдістерін енгізу;
- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
- шет тілі сабақтарында сандық инфрақұрылым мен электрондық платформаларды қолдану.
Шақырылған облыстың жетекші мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті:
Чижевская Юлия Тимуровна,«№62 орта мектеп» КММ, ағылшын тілі мұғалімі, Қарағанды қ.;
Кон Татьяна Владимировна, Қарағанды облысының шет тілі мұғалімдері қауымдастығының төрағасы;
Абеуова Салтанат Конратбековна,Қарағанды білім бөлімінің әдіскері.