Размер шрифта:
2015 жылдың қараша айының 4-10 аралығында күзгі демалыста Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Microsoft Excel құрал жабдықтары" тақырыбында семинар өтті
10-11-2015 06:49
2015 жылдың қараша айының 4-10 аралығында күзгі демалыста Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Microsoft Excel құрал жабдықтары

      2015 жылдың қараша айының 4-10 аралығында күзгі демалыста Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Microsoft Excel құрал жабдықтары" тақырыбында мектеп директорларының орынбасарлары мен білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған облыстық семинар өтті. Семинар Қарағанды қаласының  №3,38 гимназиялары мен №57 мектеп – лицейі және №83 жалпы білім беретін орта мектептерінің базасында өтті. Семинарға аудан, қала мектептерінен 285 тыңдаушы қатысты.

      Семинар аясында мұғалімдер кестеге мәліметтер енгізу және оларды өңдеу, диаграммаларды және деректер  қорын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы практикалық жұмыстар жүргізу, функция шебері көмегімен формулалар енгізу тақырыптарын қамтыды. Семинар мақсаты: ақпараттық коммуникативтік техникалардың құзыреттілігін арттыру және Microsoft Excel бағдарламасының кеңейтілген мүмкіндіктері мен функциялары бойынша дағдыларына ие болу.