Қарағанды облысының білім басқармасымен, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2021 жылдың 18 тамызында «Қазіргі білім беру қызметі: сапа мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында Қарағанды облысы орыс тілі және әдебиет пәндері мұғалімдерінің тамыз педагогикалық кеңесінің секциялық алаңы өткізілді.
Орыс тілі және әдебиет пәндері мұғалімдерінің секциялық алаңы аясында 2021-2022 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы оқу үдерісінің ерекшеліктері баяндалды және келесі сұрақтар қарастырылды:
- білім алушылардың білімін толықтыру нысандары мен әдістерін енгізу;
- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
- орыс тілі және әдебиет сабақтарында сандық инфрақұрылым мен электрондық платформаларды қолдану.
Шақырылған облыстың жетекші мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті:
Лось Татьяна Николаевна, «№1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Балқаш қ.;
Цемох Светлана Михайловна,Темирова Айнаш Аскеновна, Нұрмаков атындағы ММИ, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері,
Иоцус Светлана Викторовна, «№1 мектеп-гимназия» КММ, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Сәтбаев қ.;
Тулеугазина Саулеш Орынбаевна, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, ҚМУ «Қарағанды облысының №1 Білім-Инновация «Лицей-интернаты»;
Саликова Айнагуль Оразовна, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, «Үштобе тірек мектебі » КММ, Бұхаржырау ауданы;
Вырва Лариса Владимировна, «Зияткер» маманданды-рылған мектеп-интернаты »КММ, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Балқаш қ.