«Үздіксіз білім беру жағдайындағы ТжКББ ұйымдарының кәсіптік бағдарлау жұмысының жүйесі» тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысы
2021 жылдың 19 тамызындаонлайн режимде ZOOM платформасында «Үздіксіз білім беру жағдайындағы ТжКББ ұйымдарының кәсіптік бағдарлау жұмысының жүйесі» тақырыбында Қарағанды облысының ТжКББ ұйымдарының кәсіптік бағдар берушілеріне арналған облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысы өткізілді.
Кеңестің құрметті қонағы Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту» орталығы директорының орынбасарыКуаншалиева Райгуль Тлеккабыловна болып, «Сенің таңдауың - Сенің болашағын» жобасының жүзеге асырылуытуралы тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шара барысында облыс колледждерінің келесі инженерлік-педагогикалық қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті:
- Летяга Виктория Наильевна, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚКдиректорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары, «Қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына сәйкес болашақ маманның кәсіби бағдарлы-маңызды құзыреттілігін қалыптастыру»тақырыбында;
- КешубаеваАйгерим Максутовна, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Инклюзивті білім беру жағдайында талапкердің білім беру бағытын анықтау» тақырыбында;
- Кахарман Аяулым Кахарманкызы, «Қарсақпай агротехникалық колледжі» КММ директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Пандемия кезеңінде әлеуметтік желілерді қолдану арқылы кәсіптік бағдар беру» тақырыбында;
- Анчугова Анастасия Сергеевна, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚКоқытушысы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі тәсілдері»тақырыбында.
Облыс бойынша 63 педагог қамтылды.