2021 жылдың 18 тамызында онлайн режимде ZOOM платформасында «Worldskills: білім беру мен кәсіби дайындыққа жаңа көзқарас» тақырыбында «Дәнекерлеу ісі», «Тау-кен ісі», «Шаштараз ісі», «Автомобиль көлігі», «Теміржол көлігі», «Сервис», «Ауыл шаруашылығы», «Тігін ісі» бағыттары бойынша ОӘБ инженерлік-педагогикалық қызметкерлеріне және педагогикалық пәндер оқытушыларына арналған облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысы өткізілді.
Кеңестің құрметті қонағы «Talap» КЕАҚ, WorldSkills қозғалысты дамыту басқармасының бастығы Гасимов Ринат Гапдулханович болды, ол Қазақстандағы WorldSkills қозғалысының стратегиялық дамуы туралы айтып берді.
Іс-шара барысында облыс колледждерінің келесі инженерлік-педагогикалық қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті:
- Мукашева Ж.С.,«Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары, «Демонстрациялық емтихан арқылы кәсіби құзыреттіліктің қалыптасуын бағалау» тақырыбында;
- Пушечникова О.П.,«Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ арнайы пәндер оқытушысы, «Worldskills стандарттарының студенттерді даярлау мазмұнына әсері» тақырыбында;
- Аглиулина Ю.М.,«Абай көпсалалы колледжі» КМҚК әдіскері, «Worldskills байқау алаңы жоғары білікті маманды қалыптастырудың инновациялық тәсілі ретінде» тақырыбында;
4.Сыздыкова З.А.,«Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚКдиректорының ақпараттық технологиялар бойынша орынбасары, «Демоэкзамен. Мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбында;
- Халуева Т.В.,«Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Worldskills - кәсіби өсу мүмкіндіктері» тақырыбында.
Облыс бойынша 100педагог қамтылды.