Размер шрифта:
«Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту: зерделеу, тәжірибемен алмасу және енгізу» тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысы
19-08-2021 18:02
«Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту: зерделеу, тәжірибемен алмасу және енгізу» тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысы

2021 жылдың 19 тамызындаонлайн режимде ZOOM платформасында «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту: зерделеу, тәжірибемен алмасу және енгізу» тақырыбында директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына және оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларына арналған облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысы өткізілді.

Іс-шара барысында облыс колледждерінің келесі спикерлері сөз сөйледі:

  1. Свердлова Е.А., «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Кредиттік-модульдік оқыту технологиясы кезінде кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбында;
  2. Нурсалиева Ж.А., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары, «Дуальды оқыту нысанында өндірістік оқыту мен практиканы ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында;
  3. Молдина М.А., «Жезқазған қаласының  жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК директоры, «Мейіргер ісінде қолданбалы бакалавриатты енгізудің өзекті мәселелері» тақырыбында;
  4. Байсаринов Е.В., «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, «Жас маман жобасын іске асыру»тақырыбында.

Отырысқа облыстың ТжКББ ұйымдарынан 80-ге жуық орынбасарлары қатысты.