Размер шрифта:
Қарағанды облысының білім беру ұйымдары басшыларының облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысы
19-08-2021 18:20
Қарағанды облысының білім беру ұйымдары басшыларының облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысы

Қарағанды облысының білім басқарамасы, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2021 жылдың 19 тамызында «Білім беру сапасы: тиімді нәтижеге жағдай жасау» тақырыбында  Қарағанды облысының білім беру ұйымдары басшыларының облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысы өткізілді.

            Облыстың білім беру жүйесінің 2021-2022 оқу жылына арналған негізгі басымдылықтары талқыланды.

Секция жұмысы барысында келесі тақырыптар қаралды:

 «Білім беру ұйымдарында білім беру жетістіктерін мониторингілеуді енгізу туралы», «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізуде ҰБА-ның рөлі туралы», «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастырудағы және өткізудегі жаңалықтар туралы», «Білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу», «Мектеп басшыларының біліктілігін арттыру – оқыту сапасының кепілі», «Қарағанды облысында білім беруді дамыту», «IQanat білім қоры»  қоғамдық қорының 2020-2021 оқу жылындағы жұмысының қорытындысы», «2021-2022 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарындағы оқу процесінің ерекшеліктері туралы. Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету», «Орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы», «АКТ саласындағы педагогтердің құзыреттілігін арттыру мақсатында облыстың бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігін қалыптастыру үшін жағдайлар жасау», «Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылында іске асырылатын жобалар туралы», «Педагогтерді аттестаттау: қорытындылар мен жаңа оқу жылының міндеттері».