Размер шрифта:
«Мектепке дейінгі білім берудің 2021-2022 оқу жылындағы жұмыстардың негізі бағыттары» тақырыбында семинар-кенес
20-08-2021 09:03
«Мектепке дейінгі білім берудің 2021-2022 оқу жылындағы жұмыстардың негізі бағыттары» тақырыбында семинар-кенес

Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылғы 20 тамызда Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелеріне жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлерімен семинар-кеңес өткізді. Оқу әдістемелік орталығының  мектепке дейінгі білім беру бойынша әдіскері А.Д. Бугубаева өткен оқу жылына талдау, 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын ұсынды.

Кеңес барысында 2021-2022 оқу жылына арналған "Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында және мектепалды даярлық сыныптарында тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру туралы" нұсқаулық-әдістемелік хат талқыланды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі, сондай-ақ "Он лайн балабақша"әлеуметтік-педагогикалық жобасы таныстырылды.

Өткізілген рефлексия бойынша әдіскерлер аталған мәселелерді қараудың өзектілігі мен қажеттілігін атап өтті.