2015 жылдың 13 қазанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында облыста дуалды оқыту жүйесін енгізу бойынша рефлексивтік есептерді қорғау жұмысы өтті.
Эксперименттік жұмысты қорғау бойынша эксперттік кеңес құрамында ОӘО әдіскерлерімен қоса төмендегідей кеңес мүшелері болды:
· Сурначева Ольга Георгиевна – Эксперттік кеңес мүшесі, Педагогикалық шеберлік орталығының директоры.
· Смирнова Галина Михайловна – Эксперттік кеңес мүшесі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің инженерлік педагогика орталығының директоры.
Қарағанды облысының 19 колледжі өз рефлексивтік есептерін қорғауға ұсынды. Эксперименттік тәртіптегі жұмыс – дуалды оқыту жүйесінің құрылымы мен күтілетін нәтижелері, мақсаты мен міндеттері анықталған экспериментті-тәжірибелік бағдарлама бойынша жүзеге асты. Колледж бағдарламалары облыстық Эксперттік кеңесте алдын ала қаралып, ҚО Білім басқармасының басшысымен бекітілді. Қазіргі таңда колледждер теориялық, жобалау және дайындық кезеңін аяқтап, жобаны жүзеге асыру кезеңі бастады. Осы кезеңнің негізгі нәтижелері:
· Дуалды оқыту жүйесі бойынша кәсіби мамандар даярлаудың әлемдік тәжірибесі зерделенді.
· Өнеркәсіптер мен серіктестер анықталды.
· Бағдарламалық, эксперименттік оқу жоспарлары әзірленіп, бекітілді.
Оқу жоспарларын әзірлеуде тәжірибелік сабақтар санын көбейту есепке алынды. Сонымен қатар жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып, бәсекеге сай маман қалыптастыру мақсатындағы білім беру бағдарламалары құрастырылды.
Дуалды оқыту жүйесі бойынша 4 жақты, 3 жақты шарт жасалды. Қарағанды облысының кәсіпорындары және колледждер арасындағы ықпалды әріптестік негізінде мамандарды даярлау жұмысы басталды.