Размер шрифта:
«Дуальді оқыту» бағыты бойынша онлайн-кеңес
27-08-2021 10:19
«Дуальді оқыту» бағыты бойынша онлайн-кеңес

2021 жылғы 27 тамызда сағат 15.00-де Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы К. А. Оспанованың қатысуымен «Дуалді оқыту» бағыты бойынша онлайн-кеңес өтті.

Кеңеске ТжКББ ұйымы директорларының оқу және оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі 72 орынбасары қатысты.

Кеңес барысында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Б.Х.Абдикерова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 «Білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына енгізілген өзгерістермен таныстырды.

Сондай-ақ, Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы К.А. Оспанова дуальді оқытуды енгізудің ұйымдастырушылық мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.