Размер шрифта:
Ақпараттандырудың өзекті мәселелері бойынша кеңес
31-08-2021 17:38
Ақпараттандырудың өзекті мәселелері бойынша кеңес

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың тамыз айының 31-і күні ZOOM платформасында қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасарларына кеңес өткізді.

Кеңес барысында келесі мәселелер қарастырылды:

  • OKOO– информатика бойынша білім беру платформасы;
  • UMC_OKмобильді қосымшасы;
  • Цифрлық білім беру ресурстары;
  • «Digitalday» инновациялық педагогикалық тәжірибемен алмасу күні;
  • Қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасарларына арналған әдістемелік күнді ұйымдастыру туралы.

Кеңеске 50-ден астам маман қатысты. Кеңесте OKOO Ltd компаниясының негізін қалаушысы және директоры Д.С.Джунусов, ҚО ББД ОӘО директорының орынбасары Е.Р.Аринов, ИОТ және ЭББ бөлім әдіскері Ж.А.Сартаева сөз сөйледі.