Размер шрифта:
Қолданбалы бакалавриатты енгізу жағдайын зерттеу мәселесі бойынша онлайн-кеңес
09-09-2021 17:29
Қолданбалы бакалавриатты енгізу жағдайын зерттеу мәселесі бойынша онлайн-кеңес

2021 жылдың 9 қыркүйегінде сағат 12.00-де Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриатты енгізу жағдайын зерделеу мәселесі бойынша колледж директорларымен ұйымдастырушылық онлайн-кеңесін өткізді.

Кеңеске облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 17 өкілі қатысты.

Кеңес барысында жоспарланған қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын енгізу мониторингі бойынша түсініктемелер берілді.

Кеңес соңында келесі мәліметтерді толтырып, оқу-әдістемелік орталығына жолдау туралы шешім қабылданды:

  • 2021 жылдың 14 қыркүйегіне дейін – қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша кестелер;
  • 2021 жылдың 1 қазанына дейін – әзірленген оқу-әдістемелік өнімдер туралы ақпарат.