2015 жылдың 17 қарашасында Абай көп салалы колледжінде «Абай көп салалы колледжінде аграрлы өнеркәсіп кешені мамандарын дайындау жүйесін модернизациялау» тақырыбында семинар өтті.
17-11-2015 11:11
2015 жылдың 17 қарашасында Абай  көп салалы колледжінде «Абай көп салалы колледжінде аграрлы өнеркәсіп кешені мамандарын дайындау жүйесін модернизациялау» тақырыбында семинар өтті.

    Ғылыми - тәжірибелік конференция хаттамасының Тірек колледждерде салалық белгілер бойынша ресурстық орталықтар құру атты 3 тармағын орындау мақсатында 2015 жылдың 17 қарашасында Абай  көп салалы колледжінде «Абай көп салалы колледжінде аграрлы өнеркәсіп кешені мамандарын дайындау жүйесін модернизациялау» тақырыбында семинар өтті.

    Семинар барысында колледжде ресурстық орталықтар құру және ұйымдастыру тақырыбындағы сұрақтар қарастырылды.

    Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Нагирный Владимир Николаевич ресурстық орталықтар құру және институционалдық даму жоспары аясында колледждің өндірістік қызметін дамыту жөнінде баяндады.

Семинарға Қарағанды облысының 18  колледжінен 42 өкіл қатысты.

Сонымен қатар тәжірибе алмасу және оны тарату мақсатында баяндамалар тыңдалды:

·   «Абай көп салалы колледжіндеаграрлы өнеркәсіп кешені мамандарын дайындау жүйесін модернизациялау» - Амримова Жанылдык Сапабековна, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

·   «Ресурстық орталық аясында аграрлы өнеркәсіптік кешен жұмысшыларының біліктілігін көтеру»- Тишбаев Кайрат Бейсенович, Алимбеков Амиртай Закенович, арнайы пәндер оқытушылары

·        «Ресурстық оқу орталығын әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету»-Аглиулина Юлия Минвалиевна, Абай көп салалы колледжінің әдіскері.

   Семинарға қатысушылар іс шараның қорытындысы бойынша төмендегідей ұсыныстар жасады:

    1.Шахтинск технологиялық колледжіне ресурстық оқу орталығы құжаттарының үлгісін дайындауды;

   2.Колледждерге (облыстық РОО) ресурстық қызмет бағыты бойынша кестеге сәйкес құжаттар жеткізуді міндеттеу.