«БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ АТТЕСТАТТАУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ АЛГОРИТМІ»
28.09.2021жылы Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлеріне арналған «Білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы жұмысының алгаритмі» тақырыбында вебинардың екінші күнін өткізді.
Екінші күннің күн тәртібі: "Білім беру ұйымының сараптамалық кеңесінің жұмыс алгаритмі" болды. Вебинар барысында сараптамалық кеңес құрамының мәселелері, сараптама кеңесінің аттестаттау комиссиясында құжаттарды қабылдауы , сараптама кеңесі жұмысының мазмұны, портфолионы бағалау критерийлері, біліктілік санатынан өту үшін құжаттарды қабылдау талаптарын сақтамау қателері қаралды.
. Вебинарды өткізу кезінде педагогтар белсенді болды, аттестаттаудан өтуге қатысты сұрақтар қойды.Вебинарға мектепке дейінгі ұйымдардың 190-нан астам әдіскерлері қатысты.