Размер шрифта:
2015 жылдың 18 қарашасында Теміртау қ. «Қуаныш» бөбек бақшасы базасында «Сырттай бала бақша» әлеуметтік-педагогикалық жобасы бойынша «Қарсы қадам жасау» тақырыбында семинар-практикум өтті.
18-11-2015 03:46
2015 жылдың 18 қарашасында Теміртау қ. «Қуаныш» бөбек бақшасы базасында «Сырттай бала бақша» әлеуметтік-педагогикалық жобасы бойынша «Қарсы қадам жасау» тақырыбында семинар-практикум өтті.

2015 жылдың 18 қарашасында Теміртау қ. «Қуаныш» бөбек бақшасы базасында «Сырттай бала бақша» әлеуметтік-педагогикалық жобасы бойынша «Қарсы қадам жасау» тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинарға Қарағанды, Балқаш, Саран, Жезқазған, Абай, Сатпаев қалаларының  мектепке дейінгі 11 ұйымы, сондай ақ «Жас ата-ана мектебі» жобасын іске асырушы барлық қалалар мен аудандардың тірек бала бақшалары қатысты.

Семинарда «Баланың ерте дамуының тұжырымдамалық негіздері» ұсынылды. Қатысушыларға кеңес құрылымы, кеңес беру пунктінің құжаттар тізімі таратылған «Ерте жастағы балалардың ата-аналарына кеңестік көмек ұйымдастыру» дәрісі ұйымдастырылды. Осы жобаны іске асырушы әдіскерлер жоба бойынша аралық есеп тапсырды.

Семинардың екінші жартысында сырттай бала бақшаға келетін ата-аналар белсене қатысқан «Ата-ана–бала» қарым-қатынасын құру» семинар-практикумы өтті. Ата-аналарға «Бала тәрбиесінде кездесетін қиындықтар» жаттығулары беріліп, ата-аналар тәрбиелеу мәселелерін анықтады және оларды шешудің жолдарын іздестірді, сондай-ақ педагогикалық жағдайларды шешті.

Семинардың соңында ата-аналар үшін «Мен семинардамын, семинар менде» тақырыбында қысқаша шығарма рефлексия жүргізілді.