Қарағанды облысынан 3 педагог «Үздік педагог» атағына ие болды
28-09-2021 10:28
Қарағанды облысынан 3 педагог «Үздік педагог» атағына ие болды

2021 жылдың 28 қыркүйегінде «Үздік педагог» атты республикалық байқауының қорытындысы шығарылды.

Республиканың үздік педагогтеріне марапаттарды Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов Қостанай қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығын мерекелеу аясында табыс етті.

Жеңімпаздардың қатарына Қарағанды облысынан үш педагог кірді. Айгерим Даулетиаровна Бөлкенбаева-Шет ауданы Ж.Ақылбаев атындағы мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; Татьяна Александровна Хорошилова – Қарағанды қаласы Н.Әбдіров атындағы жалпы білім беру мектебінің математика және информатика пәнінің мұғалімі; Перизат Аменовна Данибекова-Қазақмыс корпорациясының политехникалық колледжінің электротехникалық пәндерінің оқытушысы.