Колледж психологтарының кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында 2021 жылдың 30 қыркүйегінде «Жасөспірімдерде суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында кезекті онлайн-семинар өткізілді.
Шаповалова Т.Ю., «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ педагог-психологы іс-шараға қатысушыларды суицидтік мінез-құлықтың алдын алудың теориялық негіздерімен таныстырды.
Демченко А.В., «Қарағанды тау–кен индустриалды колледжі» КММ педагог-психологы қатысушылардыңназарына жасөспірімдердегі суицидтік мінез-құлықтың алдын алудың диагностикалық құралдарын ұсынды.
Козлова Е.О., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК педагог-психологы, әріптестерді педагог-психологтың «тәуекел тобындағы» жасөспіріммен жұмыс жасаудағы алгоритмімен таныстырды.
Семинарға Қарағандыоблысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 39 педагог-психологы қатысты.