Размер шрифта:
Аудандық және қалалық білім бөлімдерінің Жетекші мектептерінің үйлестірушілерімен жиналыс
05-10-2021 17:58
Аудандық және қалалық білім бөлімдерінің Жетекші мектептерінің үйлестірушілерімен жиналыс

2021 жылдың 5 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығы, Педагогикалық шеберлік орталығының филиалымен бірге аудандық және қалалық білім бөлімдерінің жетекші мектеп үйлестірушілерімен «Жетекші мектептердің жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында жиналыс өткізді.

.        Жиналыста сөз сөйлегендер:

  1. «Қарағанды облысындағы орта білім мазмұнын жаңартуды қолдайтын мектептер туралы ақпарат» Егизбаев А.Ж., Қарағанды қаласының ПШО филиалының директоры;
  2. «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмысын 2021-2022 оқу жылына жоспарлау» Абдикерова Б.Х., ББД ОӘО директоры;
  3. «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Қарағанды қаласындағы ПШО филиалының жетекші мектептермен 2021-2022 оқу жылына арналған жұмысын бірлесіп жоспарлау» Суртубаева Д.А., Қарағанды қаласының ПШО филиалының менеджер-әдіскері, Дюсембина Ж.К., ББД ОӘО әдіскері.

         Кездесу ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде өтті.

Жиналысқа 25 адам қатысты.