Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 8 қазанында Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойы және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Қазақ аспанында – Қасым рухы» тақырыбында әдеби кешөткізілді.
Әдеби кешке профессор, Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының кеңесшісі, ҚР ұлттық білім Академиясының корреспондент мүшесі Қонтаев Сабит Сеитович; Өрлеу «АҚ Қарағанды облысы бойынша ПҚБА институтының аға оқытушысы Смагулова Ғазиза Ғабдоллақызы; «Нәтиже» сүт фабрикасының директоры, меценат Әшім Ерлан Мұқатайұлы; Қарағанды облыстық мәслихаттың депутаты, ҚР Білім меценаты Алтынбеков Бекзат Қомарұлы; ақын, жазушы, республикалық «Қасым» әдеби-қоғамдық журналының редакторы Серік Сағынтай; ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Қасымтану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Жарылғапов Жансая Жаңғазыұлы; Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, «Қасым» журналының жауапты хатшысы Мырзахметов Алмас Әмірбекұлы; ақын, Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығының маманы, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Асқаров Қайрат Белгібайұлы және облыстың білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
Кеш аясында дауылпаз ақынның өмірі, шығармашылығы ұлықталып, өлеңдері оқылып, әндері шырқалды және «Боламын ақын Қасым әлі де мен...» облыстық челленджінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Жеңімпаздарға Қарағанды облысы білім басқармасының алғыс хаты және «Нәтиже» сүт фабрикасының директоры, меценат Әшім Ерлан Мұқатайұлының арнайы сыйлығы табысталды.