2015 жылдың 18 қарашасында Қарағанды тамақтану және сервис колледжінде педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шеберлік деңгейін көтеру мақсатында, «Тамақтануды ұйымдастыру» саласы оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің «Инженерлі-педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзіреттілігін көтеру арқылы студенттердің кәсіби дайындығын жетілдіру» тақырыбындағы отырысы өтті.
«Тамақтануды ұйымдастыру» ОӘБ отырысының негізгі міндеттері:
· жаңа педагогикалық технологияларды игере отырып, педагогтың әдістемелік деңгейін жетілдіру, табысқа жету мотивін үлгілеу;
· арнайы пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешенінің бір тәртіптегі талаптарын әзірлеу;
· педагогикалық тәжірибені дамыту, мониторинг жүйесін жетілдіру.
Отырыс барысында қатысушылар арнайы пәндер оқытушылары оқу-әдістемелік кешенін құрастырудың мәселелері мен оны шешудің жолдарын қарастырды.
Іс шараның мазмұнына сай Қарағанды тамақтану және сервис колледжінің оқытушысы Федотова Ольга Анатольевна, Саран техникалық колледжінің оқытушысы Астахова Ирина Сергеевна және Қарағанды тамақтану және сервис колледжінің шебері Кротенко Инна Азатовна баяндамалар оқыды.