Размер шрифта:
GEOINFO НАВИГАТОР
15-10-2021 10:36
GEOINFO НАВИГАТОР

      2021 жылы 15 қазанда Қарағанды облысы  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «GeoInfo навигатор» облыстық жобасы аясында «Интерактивті мүмкіндіктер проекциясы» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде семинар өткізді. Семинарда Саран қаласының география пәні мұғалімдері өз тәжірибелерін ұсынды.

«Ресурстық орталық базасындағы Шашубай бөбекжай-балабақшасы» КММ, мұғалімі – Е.В. Бойко, «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру кезіндегі цифрлық технологиялар» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

«Ресурстық орталық базасындағы Шашубай бөбекжай-балабақшасы» КММ, мұғалімі – Е.Ж. Жанбырбай, «География сабақтарында Googlе Earth платформасындағы интерактивті карталарды пайдалану» тақырыбында карталардың тиімділігін көрсете білді.

«Ресурстық орталық базасындағы Нұржанов атындағы ББЖМ» КММ, мұғалімі – – Д.А. Шардарбеков, «Padlat – географиялық карталарымен жұмыс істеудің тиімді түрі ретінде»  деген жинағын ұсынды.

«Сарышаған МИ» КММ мұғалімі – В.З. Майбородова, «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы Mozaik 3D ресурсының мүмкіндіктерін» іс жүзінде көрсетті.

Барлығы семинарға қатысушылар саны 89 адамды құрады.