Размер шрифта:
«Жаһандық құзыреттіліктер» курсы аясында «Экология» (6 сынып) курсы бойынша оқыту семинары
14-10-2021 09:24
«Жаһандық құзыреттіліктер» курсы аясында «Экология» (6 сынып) курсы бойынша  оқыту семинары

      2021 жылдың 14 қазанында қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, білім беру ұйымдарының директорларына, директорлардың орынбасарларына, «Экология» курсының педагогтеріне онлайн режимде «Зейін» әлеуметтік-педагогикалық жобасы аясында 6-сыныпқа арналған «Экология» таңдау курсы бойынша қазақ және орыс тілінде оқыту семинары өткізілді.

Семинар барысында «Экология» курсының мазмұны, оқыту әдістері мен нысандары қаралып, Қарағанды қаласы «№15 жалпы білім беретін мектеп» КММ курстың жүзеге асырылуы бойынша мектеп директоры Жаксыбекова Сая Сатбергеновна; бастауыш сынып мұғалімдері Оспанова Айжан Токтагуловна, Ныганова Гульнар Ныгановна; химия және биология мұғалімі Болатова Маржан Болатовна; биология пәні мұғалімі Искакова Меруерт Рымбаевна; директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, биология пәні мұғалімі Алтыбаева Мадина Айтбековна және Қарағанды қаласы «№45 гимназия» КММ педагогтері: гимназия директорыЖарасова Елена Викторовна; директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәні мұғаліміМаханова Надежда Анатольевна; директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ағылшын тілі мұғаліміДеева Ирина Георгиевна; биология пәні мұғалімі Сальхова Софья Николаевна; химия пәні мұғалімі Данилова Елена Семеновна; көркем еңбек және экономика пәні мұғалімі Назаренко Наталья Владимировна өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинарға облыстың 200 педагогы қатысты.