2015 жылдың 24 қарашасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және маман даярлау тақырыбы негізінде аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырысқа білім басқармасының басшылары, колледж директорлары, жеке меншік оқу орындарының құрлытайшылары, Аймақтық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Колледждерді бейімдеу және Қарағанды облысында сұранысқа ие емес мамандықтарды қысқартып, жаңа мамандықтар ашу туралы білім басқармасының басшысы Аймағамбетов Асхат Канатович баяндады.
Кәсіби сынамаларды жүйелі түрде жүргізу арқылы «Кәсіби бағдар жұмысын енгізу бойынша Жол картасын» жүзеге асыру жайында білім басқармасының басшысы Аймағамбетов Асхат Канатович баяндады.
Техникалық және кәсіптік білім жүйесіндегі инклюзивтік білімді ұйымдастыру туралы Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Асакаева Дана Саламатовна әңгімеледі.
Сонымен қатар білім алушылардың даму мүмкіндіктерін есепке ала отырып, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру туралы Балабекова Светлана Керимбаевна және аталған колледжде инклюзивтік білімді дамыту жоспарының қадамдары, серіктестіктің рөлі жайында «Қарағанды облысы азаматтық Альянс» Ассоциациясы заңды тұға бірлестігінің президенті Вшивцева Наталья Николаевна баяндады.