Размер шрифта:
«Жаһандық құзыреттіліктер» курсы аясында «Медиасауаттылық» (8 сынып) курсы бойынша оқыту семинары
18-10-2021 17:04
«Жаһандық құзыреттіліктер» курсы аясында «Медиасауаттылық» (8 сынып) курсы бойынша  оқыту семинары

      2021 жылдың 18 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, білім беру ұйымдарының директорларына, директорлардың орынбасарларына, «Медиасауаттылық» курсының педагогтеріне онлайн режимде оқыту семинары өткізілді. Барлығы 100 педагог қатысты. Оқыту семинары мемлекеттік және орыс тілінде жүргізілді.

Семинар барысында курстың мазмұны, оқыту әдістері мен нысандары қаралып, Қарағанды қаласының келесі педагогтері өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:

Аринов Есбол Рымбекұлы, ББД ОӘОдиректорының орынбасары;

ӘкіжановЕржан Нұржанұлы, «№73 ЖББОМ» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

Абдикаримов Жаркын  Рақымұлы«Жамбыл атындағы ММИ» КММ информатика мұғалімі.