2021 жылдың 19 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, білім беру ұйымдарының директорларына, директорлардың орынбасарларына, бастауыш сынып мұғалімдеріне онлайн режимде «Зейін» әлеуметтік-педагогикалық жобасы аясында оқу сауаттылығын арттыру мақсатымен нетворкингтер өткізілді. Барлығы 100 педагог қатысты.
Нетворкинг барысында «Сабақ үрдісінде мәтінмен жұмыс жасау кезінде оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында Бұқаржырау ауданының педагогтері өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:
Анафина Арман Акановна, Бұқаржырау ауданы, А. Байтұрсынұлы ат. ЖББМ ОІЖ директор орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі
Грачева Наталья Викторовна, Бұқаржырау ауданы, А. Байтұрсынұлы ат. ЖББМ ӘБ жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімі