"МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІН БАҚЫЛАУ БОЙЫНША БІЛІМ САПАСЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ"
20-10-2021 16:35

      20.10.2021 жылы Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы "Мектепке дейінгі жастағы балалардың даму деңгейін бақылау бойынша білім сапасының мониторингі " тақырыбында семинар-практикум өткізді.

Семинардың негізгі сұрақтары: "таныс нәрселерге жаңа көзқарас: кәсіби әңгіме", "білім беру процесін дұрыс болжаудың негізгі шарты ретінде мониторингті сапалы талдау", жаңадан бастаушыларға арналған Excel-де жұмыс істеу әдістері жүргізілді.

Семинар-практикумның рефлексиясы пікірталас алаңы түріндегі "Бір толқында" айдары болды, онда әдіскерлер, тәрбиешілер мониторингті рәсімдеу бойынша сұрақтар қойды. Семинар спикерлері Қарағанды қаласы "Айсұлу" бөбекжай-бақшасының директоры Н.В. Семиренко, Бұқар Жырау ауданы "Аяла" бөбекжай-бақшасының әдіскері А.Е. Манкенова болды.

Семинарға барлығы 474 адам қатысты