Студенттердің құқықтық пәндерге қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі танытуына ықпал ету мақсатында 2021 жылдың 22 қазанындаҚарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдарының заңдық емес мамандықтары студенттерініңарасында «Құқық негіздері» пәні бойынша «Құқық көшбасшысы» облыстық олимпиадасыөтті.
Олимпиаданы«Құқық» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестік жұмысының аясында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіпКөпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжіұйымдастырды.
Олимпиадаға34 студентқатысты.
Бірінші сырттай-қашықтықтан кезең – «Біз - Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» тақырыбында эссе жазунәтижесінде 20 студент екінші іштей-қашықтықтан кезеңіне өтіп,онлайн режимде «Құқық негіздері» пәні бойынша тест тапсырмаларын орындаубарысында өз білімдерін көрсетті.
Екі кезеңде жинақталған баллдар нәтижесінде олимпиада жеңімпаздары анықталды:
1 орын – Қарағанды жоғары «Bolashaq» колледжінің студенті Бекишева Айзада, жетекшісі Тусупбаева Айжан Агзамбековна;
2 орын – Теміртау жоғары политехникалық колледжінің студенті Ибраимова Сымбат, жетекшісі Мухамедьярова Айгуль Зейнулаевна;
3 орын –Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономика, бизнес және құқық колледжінің студенті Батюшкина Анна Владимировна, жетекшісі Ефименко Ольга Викторовна.
Олимпиада жеңімпаздарына I, II, III дәрежелі дипломдар, олардың жетекшілеріне алғыс хаттар, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.