2021 жылы 22 қазанда Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Тарих серпіні» облыстық жобасы аясында «Тарих сабағында оқушылардың функционалды сауаттылығын арттырудың өзектілігі» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде нетворкинг өткізді. Нетворкингде Балқаш қаласының тарих пәні мұғалімдері өз тәжірибелерін ұсынды.
Балқаш қаласы «№2 мектеп-лицей» КММ, мұғалімі – Е.Т. Карибжанов, «Тарих сабағында оқушылардың функционалды сауаттылығын арттырудың өзектілігі» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Балқаш қаласы «№2 мектеп-лицей» КММ, мұғалімі – Н.К. Досыбаев, «Тарих пәнінен оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуда мәтінмен жұмыстың түрлері» тақырыбында карталардың тиімділігін көрсете білді.
Балқаш қаласы «№4 ЖББМ» КММ, мұғалімі – М.М. Жумажановна, «Оқу сауаттылығын арттыруда пікірталас технологиясын қолдану тәжірибесі» деген жинағын ұсынды.
Балқаш қаласы «№17 мектеп-лицей» КММ, мұғалімі – Е.А. Мадельхановна, «Тарих сабағындағы интербелсенді әдіс түрлері» іс жүзінде көрсетті.
Барлығы семинарға қатысушылар саны 100 адамды құрады.