Размер шрифта:
2015 жылдың 20 қарашасында Абай көп салалы колледжінде «Кәсіби білім беру жағдайында білім алушыны мамандандыру» тақырыбында физика және математика пәндері оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
20-11-2015 12:01
2015 жылдың 20 қарашасында Абай көп салалы колледжінде «Кәсіби білім беру жағдайында білім алушыны мамандандыру» тақырыбында физика және математика пәндері оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

        Біріктірілген және екі компоненттен тұратын сабақтарды өткізудегі пән аралық байланысты дамыту, білім берудің қазіргі заманға сай инновациялық технологияларын пайдалану тұрғысында тәжірибе алмасу мақсатында, 2015 жылдың 20 қарашасында Абай көп салалы колледжінде «Кәсіби білім беру жағдайында білім алушыны мамандандыру» тақырыбында физика және математика пәндері оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

       Отырыс барысында аталған бағыт бойынша негізгі, маңызды сұрақтар талданды, «Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу», «Физика пәні бойынша біріктірілген сабақ», «Автомобиль құрылғылары», «Жанармай арқылы жұмыс жасайтын қозғалтқыш» тақырыптарында ашық сабақтар өткізілді.

       Сонымен қатар, Қарағанды экономика, бизнес және құқық колледжінің оқытушылары Тюмебаева Саягуль Бейбутовна және Джумалиева Айнур Серикбаевнаның «Математика және физика сабақтарының әр кезеңінде инновациялық технологияларды қолдану», Қарағанды технология және сервис колледжінің оқытушысы Шагалиева Лариса Николаевнаның «Интерактивтік технологияларды қолдану арқылы математика және физика пәндеріне мотивацияны көтеру әдісі» тақырыптарындағы баяндамалары тыңдалды.

      Отырыс соңында қатысушылар іс шара туралы оң пікірлер қалдырды.