Размер шрифта:
Тау-кен ісі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің сыныптан тыс жұмыстары
28-10-2021 16:52
Тау-кен ісі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің сыныптан тыс жұмыстары

      2021 жылдың 28 қазанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Тау-кен ісі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің сыныптан тыс іс-шаралар кешені өткізілді.

Іс-шараның спикерлері қатысушылардың назарына келесі материалдарды ұсынды:

- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» бейнебаяны («Своя игра» форматында), Маевская И.А., «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК оқытушысы; Смук Л.Н., «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;

- «Кеншілер еңбегіне даңқ пен құрмет!» онлайн–кездесуі  (кеншілермен, колледж түлектерімен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің құрдастарымен онлайн-кездесуден үзінді), Назипова Р.Р., Тажинин Б.М., «Саран техникалық колледжі» КММ өндірістік оқыту шеберілері;

- «Қазақстанның жетістіктері» сабағынан үзінді, Мұрат Т.А., «Қарағанды тау–кен  индустриалды колледжі» КММ оқытушысы.

Іс-шараға Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының «Тау-кен ісі» бағыты бойынша 10 арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.