Размер шрифта:
2015 жылдың 25 қарашасында Шахтинск қаласында «Салтанат» сәбилер балабақшасы мектепке дейінгі білім беру ұйымы базасында сынақ алаңы аясында «МДББҰ-ғы көптілділік-көпмәдениеттілік тұлғаны қалыптастыру құралы» тақырыбында облыстық семинары өтті.
25-11-2015 03:56
2015 жылдың 25 қарашасында Шахтинск қаласында «Салтанат» сәбилер балабақшасы мектепке дейінгі білім беру ұйымы базасында сынақ алаңы аясында «МДББҰ-ғы көптілділік-көпмәдениеттілік тұлғаны қалыптастыру құралы» тақырыбында облыстық семинары өтті.

 2015 жылдың 25 қарашасында Шахтинск қаласында «Салтанат» сәбилер балабақшасы мектепке дейінгі білім беру ұйымы базасында сынақ алаңы аясында «МДББҰ-ғы көптілділік-көпмәдениеттілік тұлғаны қалыптастыру құралы» тақырыбында облыстық семинары өтті. Семинарға қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің мамандары, Қарағанды облысының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен әдіскерлері қатысты.Семинар барысында балабақша педагогтары тарапынан мектеп жасына дейінгі тілдік құзыреттіліктерге оқытудың  сан алуан түрлері мен әдістері арқылы білім беру-тәрбие үрдісіне көптілділікті енгізу, соның ішінде интербелсенді жабдықтарды белсенді түрде қолданудың жұмыс тәжірибесі көрсетілді. Семинарға Шахтинск қаласының білім беру бөлімі басшысы Н.Б.Онсович қатысты.Ол өз сөзінде семинар қатысушыларына Шахтинск өңірінің мектеп жасына дейінгі тәрбие беруді жетілдіру туралы айтып, проблемалар мен оларды шешу жолдарын белгіледі. Семинар қатысушыларының барлығы семинар тақырыбы бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдармен қамтамасыз етілді. Семинар нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсыныстар істеп шығылды:

1.Семинар мазмұнының ерекшеліктерін есепке алған жағдайда осы мектепке дейінгі білім беру ұйымының білім беру-тәрбие үрдісіне көптілділікті енгізу бойынша  педагогтардың көрсеткен іс-тәжірибелері, әдістемелік жұмыстардың әрбір түрі семинар қатысушыларына нақты пайда әкелді деп есептелсін.

2. Семинарды ұйымдастыру көрсеткендей,  егер де семинарды дайындауда және өткізуде әрбір педагогтың белсенді жұмысқа кірісуінің сан алуан түрлі әдістері пайдаланылған жағдайда кез келген әдістемелік шаралардың соңы жоғары және толыққанды нәтижелі болады.

3. Балалармен білім беру-тәрбие жұмыстарының нәтижелілігін арттыру мақсатында Қарағанды облысының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында осы семинарда алынған и инновациялық жұмыстардың тәжірибелері пайдаланылсын.