Размер шрифта:
"Дарынды балаларға- талантты ұстаз"
03-11-2021 14:30

     Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру, өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау мақсатында 2021 жылдың 3-4 қараша аралығында Өскемен қаласында "Дарынды балаларға - талантты ұстаз" республикалық олимпиада өткізіліп жатыр.

      Қарағанды облысының 5 педагогі өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісуде, олар: Дүйсенбаев Асланбек, Абылай Нурдаулет, Жәкен Нұргүл, Асанбаева Куралай, Алиаскарова Анель.

Жас мамандар республикалық олимпиаданың екі кезеңіне қатысып, өз қызметінің жетістіктері мен сәтсіздіктеріне жан-жақты талдау жасайды, шешендік, суырып салмалық өнерін,  қалыптан тыс ойлау  қабілетін паш ететін болады.

Біздің педагогтеріміз облысымыздың намысын абыроймен қорғайтынына сенеміз! Сәттілік тілейміз!